Посещении историко-краеведческого музея района Шал акына

15 қарашада 9 «а», «б» сынып оқушылары Сергеевка қ.  Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану мұражайында болып, қызықты мамандықпен танысты –экскурсовод.Оқушылар көне жәдігерлерді ықыласпен тамашалады, экскурсовод Жанар Айбекқызының ата-бабаларымыздың өмірі мен өмір жолы туралы әңгімесін зор ықыласпен тыңдады. Ұлы Отан соғысына арналған экспонаттар оқушылардың  ерекше қызығушылығын тудырды. Мұражай витриналарында оқушылар  қару-жарақ, майдан хаттары, т.б. экспонаттарды көрді.Көрген экспонаттардан алған әсерлері көп. Экскурсия соңында оқушылар экскурсоводқа көрме жұмыстары туралы егжей-тегжейлі әңгімесі үшін алғыстарын білдірді.

  

Дата публикации: 15.11.2022