"Менің отбасымның портреті"

Ступинка негізі мектебінде «Менің отбасымның портреті» арт-терапиялық шеберханасы
10 қыркүйек күні Отбасы күні аясында Бастауыш сынып оқушылары арасында балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығына арналған ерекше арт-терапиялық шеберхана өтті. 🎨
Шеберхана барысында оқушылар өз отбасыларын сурет арқылы бейнелеп, жақындарына деген сүйіспеншілігі мен жылы сезімдерін шығармашылық арқылы жеткізді.
Бірге сурет салу — балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын нығайтып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, бір-біріне деген мейірім мен сүйіспеншілікті арттыруға мүмкіндік берді. ❤️
Әрбір суретте — отбасының жылуы, татулығы, махаббаты мен бақытты сәттері көрініс тапты. 🌿
Отбасы — әр баланың ең қымбат қазынасы! 👨‍👩‍👧‍👦#ОтбасыКүні #МеніңОтбасымныңПортреті #АртТерапия #БірлескенШығармашылық #ОтбасылықҚұндылықтар

Дата публикации: 10.09.2026