Ступинка негізгі мектебінде" 6.04.2026ж күні бастауыш сынып оқушылпрына мектеп пихологы Исиркепова А. А. «Мектеп-сенім аумағы» атты психологиялық әл-ауқат апталығы аясында «Күн комплименті» акциясын өткізді.Мақсаты: қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құру, эмоционалды сауаттылықты, қарым-қатынас және өзара көмек дағдыларын дамыту, білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасындағы сенімді нығайту. # Психологиялық_әл-ауқат_апталығы # Мектеп_сенім_аумағы #Сқо_Әкімдігінің_Білім_Басқармасы # Психологиялық _қолдау_орталығы
.jpg)

ПсихологиялықҚауіпсіздіктің10күні #ҚауіпсізӘлеуметтікЖелілер #ЦифрлықГигиена #ӘлеуметтікЖелілірДетоксы #Психологиялық_Қолдау_Орталығы "Ступинка негізгі мектебінде" КММ 30.01.2026 ж күні Психологиялық қауіпсіздіктің 10 күні аясында "Менің қауіпсіз интернетім " тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға интернеттегі психологиялық қауіпсіздік ұғымын түсіндіру, жеке деректерін қорғаудың маңызын ұғындыру, кибербуллингтің алдын алу жолдарын үйрету және интернетті саналы, жауапкершілікпен әрі қауіпсіз пайдалануға баулу. 
ПсихологиялықҚауіпсіздіктің10күні #ҚауіпсізӘлеуметтікЖелілер #ЦифрлықГигиена #ӘлеуметтікЖелілірДетоксы #Психологиялық_Қолдау_Орталығы "Ступинка негізгі мектебінде" КММ 29.01.2026 ж күні Психологиялық қауіпсіздіктің 10 күні аясында "Қауіпсіз интернет " тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты:қазіргі заманғы балалар мен жасөспірімдердің интернет кеңістігіндегі мінез-құлқын жақсарту, цифрлық ортада әдептілік пен мәдениеттілікті қалыптастыру, сондай-ақ онлайн қарым-қатынастың шынайы өмірдегі адамдық қарым-қатынастан еш айырмашылығы жоқ екенін түсіндіру.

"Ступинка негізгі мектебінде" КММ үзіліс уақытын тиімді пайдалана отырып, «Өнегелі 15 минут» жобасы аясында көңілді қоңырау шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: «Көңілді қоңырау» — бұл оқушылар арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту, әр түрлі сыныптар арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту, мектептің ішкі атмосферасын көтеру.

«Ступинка негізгі мектебінде»КММ 31- қаңтар күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша ата -аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру аясында жоспар бойынша кезекті «Шығармашылық ынталандыру» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ата-аналардың рөлін түсіндіру, қолдау көрсету жолдарын талқылау. Ата-аналарымыздың тәрбиелік мәні бар әңгімелерімен қатар, түрлі тапсырмалар орындап, келешек ұрпақтарымызға ақыл кеңестерімен тәрбиелеріне бірге атсалысатынын айтып отырды.

#АйлықБалалардыңҚауіпсіздігі
«Ступинка негізгі мектебінде» 09.12.2024ж күні «Қауіпсіз болашақ» облыстық жобасы аясында «Олар біздің өмірімізді қорғайды» тақырыбы бойынша 1-4 сынып оқушыларына құтқарушылар туралы танымдарын арттыру мақсатында сурет сайысы өткізілді.Мақсаты: құтқарушылардың еңбегі мен қызметі туралы түсінік беру, батылдық, жауапкершілік және адалдық қасиеттерін дамыту, қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін түсіндіру, патриоттық тәрбие беру.
.jpg)
ҚАУІПСІЗДІК
#АйлықБалалардыңҚауіпсіздігі
«Ступинка негізгі мектебінде» 03.12.2024ж күні «Қауіпсіз болашақ» облыстық жобасы аясында қауіпсіз өмір сүру негіздерін қалыптастыру мақсатында география пәнінің мұғалімі Ақан Қатыранұлы оқушыларды «Қауіпсіздік бұрышымен» таныстырды.
Мақсаты: Төтенше жағдайларда өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өзін және қасындағы адамдарды қорғау, оларға қалай көмек көрсету керектігі жайлы түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасау.

28.11.2024.күні «Ступинка негізгі мектебінің» педагог-психологы 7 сынып оқушыларына «Стресс және дағдарыс» тақырыбында тренинг сабақ өткізді. Мақсаты: Жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғалардың алдын алу, стресстің адам ағзасына кері әсерін түсіндіру, позитивті ойлауға дағдыландыру

2024 жылдың 22 қарашасында «Ступинка негізгі мектебі» КММ-де 1-9 сыныптардың ата-аналары үшін АПҚО жоспарына сәйкес «Жасөспірімдердің ұйқысы, Есте сақтау қабілетін дамыту» тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты:
Ата-аналарға есте сақтау мен зейінді дамыту мүмкіндіктерін көрсету; Есте сақтау және зейіні бұзылған балаға көмектесу жолдары туралы ақпарат беру; Түрлі әдістер мен жаттығуларды қолдана отырып, есте сақтау мен зейінді дамыту жолдары туралы мәлімет беру.

Психологиялық қызмет
"Ступинка негізгі мектебі" КММ
педагог- психологтың қабылдау кестесі.

- МЕКТЕПТІ АТТЕСТАТТАУ 2024
- Байланыс
- Кәсіптік бағдар беру
- Мемлекеттік қызметтер
- Нормативтік құжаттар
- PISA
- Оқуға құштар мектеп
- 2023 жылғы білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы
- Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
- Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары 2023-2024 оқу жылы
- Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары 2024-2025 оқу жылы
- ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
- Мектепке жол
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- Адал Ұрпак
- Біртұтас тәрбие
- Психологиялық қызмет
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
- Қамқоршылық кеңес
- Шағын орталығы
- сенім жәшігі
- Кеңес беру пункті