Мероприятия на тему «Мы против буллинга»
Ступинка негізгі мектебінде 4 мамыр күні «Ренішсіз үзіліс» акциясы аясында «Біз буллингке қарсымыз» тақырыбында іс-шаралар өткізілді.
1–4 сынып оқушылары үшін «Күлкі сыйла» атты іс-шара ұйымдастырылып, оқушылар бір-біріне жылы сөз айтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
5–8 сыныптар арасында «Біздің ортақ тұсымыз» тақырыбында оқушылардың бір-біріне деген құрметі мен достық қарым-қатынасы нығайтылды.
9-сынып оқушылары «Мен адамдардың жақсы қасиеттерін бағалаймын» тақырыбында ой бөлісіп, адамгершілік құндылықтарды дәріптеді.
Мақсаты:
Оқушылар арасында буллингтің алдын алу, бір-біріне құрметпен қарау, мейірімділік пен сыйластықты қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту.
#Реніш_ үзіліс
Дата публикации: 04.05.2026