Министр Ғани Бейсембаев – мұғалімнің адвокаты
Министр Ғани Бейсембаев – мұғалімнің адвокаты
Қоғамда қызу талқыланған мәселеге министр нүкте қойды. Жақында Қостанай қаласының әкімі мұғалімдерді үш айлық жазғы демалысты бос өткізбей, жағажайларда балалардың қауіпсіздігін қадағалауға «ерікті» түрде шығуға «шақырған» болатын.
Мұны қоғам айыптағанмен, кейбір мұғалімдер «бос жатқанша, ақша табайын, қоғамға көмектесейін» деп жағажайға жұмысқа шығып кетті.
Ал оның соңы не болды?! Жағажай жағалап жүрген бір ұстазды оқушысы мотоциклмен қақты да кетті.
Кеше Мәжіліс кулуарында үнемі мұғалімдерді жақтап сөйлейтін министр Бейсембаев әріптестеріне «демалыңдар» деді. Сөйдеді де, барлық жергілікті билік өкілдеріне мұғалімді қолбалаша жұмсауға болмайтынын ескертті.
Сосын бұдан бұрын орын алған Маңғыстаудағы соңы бала өліміне әкеліп соқтырған мектеп бітіру кешіне қатысты, әсіресе, жергілікті биліктің бұл жолы тағы да мұғалімнің жағасына жармасқанын есіңе алды.
Министрдің айтуынша, ол кезде де тағдыры қыл үстінде тұрған директор мен сынып жетекшісінің жұмыстан қуылуына арашашы болыпты. «Баланың іс-әрекетіне мектеп қабырғасынан тыс жерде ата-анасы жауапты» деді Ғани Бейсембаев.
Министр ұстаздың құқын таптау, оған құрметпен қарамау қоғамда жалғасатын болса, мұндай әрекетке өзінің тікелей араласатынын ескертіп отыр.

Дата публикации: 19.06.2025
- МЕКТЕПТІ АТТЕСТАТТАУ 2024
- Байланыс
- Кәсіптік бағдар беру
- Мемлекеттік қызметтер
- PISA
- Оқуға құштар мектеп
- 2023 жылғы білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы
- Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
- Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары 2023-2024 оқу жылы
- Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары 2024-2025 оқу жылы
- ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
- Мектепке жол
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- Адал Ұрпак
- Біртұтас тәрбие
- Психологиялық қызмет
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
- Қамқоршылық кеңес
- Шағын орталығы
- сенім жәшігі
- Кеңес беру пункті