«Балапан» мини-орталығындағы мамандықтар әлемі
20.05.2026 ж. «Ступин негізгі мектебі» КММ жанындағы «Балапан» шағын орталығында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында тәрбиеленушілерді мамандықтармен таныстыру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында балалар сатушы, мұғалім, дәрігер және т.б. мамандықтармен танысты. Тәрбиешілер әр мамандықтың маңыздылығы мен ересектер еңбегіне құрметпен қараудың қажеттілігі туралы айтып өтті. Тәрбиеленушілер әңгімеге белсенді қатысып, тақырыптық ойындар ойнап, түрлі мамандық иелерінің рөлдерін сомдап көрді. 
Дата публикации: 20.05.2026