2026-2027 оқу жылына бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау
Құрметті ата-аналар!
2026-2027 оқу жылына бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау бүкіл ел бойынша 27 мамырда басталып, кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында бірінші сыныпқа қабылдау 29 маусым мен 31 тамыз аралығында өтеді. Баланың құжаттарын egov.kz, электрондық үкіметтің веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсыруға болады.
Бірінші сыныпқа алты жастан бастап балалар және осы жылы алты жасқа толатын балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Өтініш беру үшін ата-ана (немесе заңды өкіл) барлық қажетті құжаттарды тіркеуі тиіс:
Медициналық анықтамалар: «Иммундау паспорты» № 065-у нысаны және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысаны.
3х4 см фотосурет
Электрондық үкімет веб-порталындағы өтінімдер egov.kz тәулік бойы қабылданады. Қызмет берушінің кеңсесі арқылы өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылданады.
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірі бойынша call-орталықтарға хабарласа аласыз: 8 (715 34) 52359

Дата публикации: 31.03.2026
- МЕКТЕПТІ АТТЕСТАТТАУ 2024
- Байланыс
- Кәсіптік бағдар беру
- Мемлекеттік қызметтер
- Нормативтік құжаттар
- PISA
- Оқуға құштар мектеп
- 2023 жылғы білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы
- Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
- Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары 2023-2024 оқу жылы
- Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары 2024-2025 оқу жылы
- ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
- Мектепке жол
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- Адал Ұрпак
- Біртұтас тәрбие
- Психологиялық қызмет
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
- Қамқоршылық кеңес
- Шағын орталығы
- сенім жәшігі
- Кеңес беру пункті