«Ступинка негізгі мектебі» КММ 2023-2024 оқу жылындағы тәрбие жұмысының есебі

2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық құжаттары жинақталып, папкаға салынды. Олар:

  1. «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясы;

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы,

  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;
  2. ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері,
  3. ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы,
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы;

2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат және «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» басшылыққа алынды.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

 «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
  2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
  3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен Ұсыным әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
  4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
  5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

  Күтілетін нәтиже:

  1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
  2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
  3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
  4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
  5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.

Ұлттық құндылықтар: ұлттық мүдде, ар-ұят, талап.

Ұлттық мүдде құндылығы:

 - Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға атсалысу;

- Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруғабелсенді үлес қосу;

- Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;

 - Қазақ тілінің қолдануаясын кеңейту;

 - Қазақстан мүддесінеқызмет етуге ұмтылу;

- Қоғам игілігі үшінқызмет ету;

- Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасызетуге дайын болу;

 - Ұлттық мәдениетті дәріптеу;

Күтілетін нәтижесі:

 - Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл

- Мемлекеттік рәміздердіқадірлейді

- Елінің тарихын құрметтейді

- Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді

Ұсыным - Құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары

Ар-ұят құндылығы:

- Академиялық адалдыққағидатын қолдау;

- Адал еңбекті құрметтеу;

- Сөзіне берік, ісіне адал болу;

- Халқына адал қызмет ету

- Әдеп нормаларын ұстану;

- Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну;

- Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;

- Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну.

Күтілетін нәтижесі:

- Ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайды;

- Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;

- Ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды;

- Достарын, сыныптастарын сыйлайды;

- Кішіге ізет, үлкенге құрметкөрсетеді.

Талап құндылығы:

- Сыни және креативті ойлау;

- Жеке және командамен жұмыс істей білу;

- Білуге, жаңаны тануғақұштар болу;

- Физикалық белсенді болу;

- Салауатты өмір салтын ұстану;

- Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету;

- Дұрыс қарым-қатынас орната білу;

- Уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау.

Күтілетін нәтижесі:

 - Жан мен тән тазалығын сақтайды;

 - Дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді;

- Қоршаған орта тазалығын сақтайды;

- Ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық;

- Ізденімпаз, жасампаз тұлға.

Ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтар оқу пәндерінің мазмұны, іс-шаралар, сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша білім беру (секция, факультатив) арқылы мектебіміздің барлық тәрбие жұмысы жүзеге асырылады.  Мектебіміздің тәрбие бағыты бойынша жоспарланып жүргізілетін  жұмыстардың барлығы үш құндылықтар бағыты байынша жасалынып отырды. Сонымен қатар «Тоғыз ай –Тоғыз іс шара» және «Төрт тоқсан –Төрт өнер»  жобалары  іске асырылып отырды.  Аудандық, облыстық,  республикалық  жоспарлар, акциялар, жолаларға да мектепішілік жоспарлар жасалынып, уақытылы өткізіліп отырды. Мектебімізде осы оқу жылынан бастап , Ата-аналарды педогогикалық қолдау  бағдарламасы бойынша жоспарлар жасалынып,  жүзеге асырылды. Даналық мектебі бойынша «Әжелер мектебі» ашылып жұмыстар жүргізілді.

«Ұлттық мүдде» құндылығына сай өткізілген іс шаралар:

Қыркүйек айы: 1- қыркүйек Білім күні мерекесіне орай, жаңа 2023 - 2024 оқу жылына арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиыны өткізілді.Салтанатты жиынды мектеп директоры ашып, іс - шара мазмұнының маңыздылығына тоқталып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Салтанатты іс - шарада мектеп оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Жиын аяқталған соң оқушыларға тәрбие сағаттары өтілді.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0zvZJX9qToekBsXtLNxpc4z9DjpH23EaLzv443FCU5koJdGX8RmBakj95baprdSNHl

"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша 5 - 7 сыныптар арасында мектеп кітапханашысы Рамазанова Д.З ұйымдастыруымен "Отбасылық оқуға арналған кітаптарға шолу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді . Іс - шарада отбасылық құндылықтар , отбасылық береке , татулық жайында әңгімелер жүргізілді.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0qa14kJK7fYZJ4hF11rCy56Wc3aEdvs4ZQYdYg9LD42iyVSj2SPqKHU8xSzKCazzwl

 ”Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында, «Төрт тоқсан төрт өнер» жобасын іске асыру мақсатында оқушылар арасында ұлттық өнеріміздің бірі «Айтыс» сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Іс -шара барысында айтыс туралы мағлұматтар беріліп , оқушыларымызда өздері білетін айтыс туралы мақал – мәтел, нақыл сөздермен бөлісті. Мақсаты - айтыс өнерін насихаттау. Өнерлі оқушыларымыз айтысып, жеңімпаздар марапатталды.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid035zmZm9qFEpaVvZg5F5L9LqmDT6L8agZbWMvUfPoHZFAZGzvj8tFC4SwwP9K8sRtal

Қазан айы:Мектептің әлеуметтік педогогы «Стоп буллинг» тақырыбында тренинг өткізді. https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0295SL4hqbeUf78W9PCAo114AW9jvbqC15Yny5rzAWwDcA9koSA4dSCtfb6JHc7fGhl

 «Буллинг дегеніміз не», «Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін» сынып сағаттарын өткізді.

https://www.facebook.com/reel/913590027061383

24 қазанда Қазақстан Республикасы күніне арналған Ступинка негізгі мектебінде мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың Отанымыз туралы білімдері мен түсініктерін тереңдету, кеңейту және өз Отанын қадірлеу болып табылады.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0hgdVZXUyertWJ4DC51cCVr3X8kwQwEBeXG5y3i9F5yqLNmiU2XLHtUTVyWyFs8iml

Республика күніне орай 1-4 "А" сыныптарында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында сынып сағатын өткізді.Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.

Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02KBTbdTPM7fHmqQK5ye3bWo6Nn2EFkLVq6UDXYGfA3S7YTHLComGnuBDeBvade2rRl

 

«Тоғыз ай- тоғыз іс шара» жобасыеа сай  25-қазан Республика күніне орай “Менің асқақтаған әнұраным” атты ән ұран айту челленджі орындалды.

Гимн - ел азаматтарын әлеуметтік- саяси тұрғыда топтастыру үшін негізгі мәнге ие дыбыстық рәміз.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02QcChSJtiqYu9qqjKZtFYftQQR8AKRULJotPSM8MDkuWdtAeVVkVviEwog8AP1aZml

Қараша айы. «Тоғыз айға 9 іс-шара» жобасы аясында мектебімізде «Асық ату» челленджісі өткізілді. Өткізілген челлендж мақсаты оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін және елдің мәдени мұрасын сақтауға, ұлттық ойындарды насихаттауға бағытталды. Ұлттық ойындардың бірі – асық ойыны баланың ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Сондықтан мектепте ұлттық ойын түрлерін жаңғырту және насихаттау үшін оқушыларды асық ойынына баулу басты құндылықтардың бірі болып табылмақ.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0QmGX7b5HAMjic4Y4o8qBKTrPZMTcx4AqLVxciH1hSMrjAz8xW6N7LpsgPRDcB9sYl

 

15-қараша Ұлттық валюта күніне орай мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Ергалиев Н Д және география пәнінің мұғалімі Жәнібеков  А Қ дөңгелек үстел өткізді. https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid09VFEz7GdTpiMCmVuaUzgqMGNPzkMbvZJRwvYQGqFb91z7bMmd3YZQji41YMVoHwtl

«Даналық мектебі» жобасы барысында ауылымыздың әжелерінен құралған «Әжелер мектебі»жоспары бойынша кезекті «Тәтті шаймен- әдемі әңгіме кеңес» тақырыбында жиын ұйымдастырылып өткізілді.Асыл әжелеріміздің тәрбиелік мәні бар әңгімелерімен қатар, түрлі тапсырмалар орындап, келешек ұрпақтарымызға ақыл кеңестерімен тәрбиелеріне бірге атсалысатынын айтып отырды. Алғыстарын жаудыртып, ақ баталарын берді.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid029YjuCcAMaUktd1GHxUJmvCy2t7acj7Cj1Z6j1sMbVhpPvMgBZSFuShB4Ecv4fX2al

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың ұлы –қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезов – 80 жаста. Осыған орай 29-қараша күні 5-9 сыныптар арасында танымдық сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды Мұрат Әуезовтың өмірбаяны және шығармашылығымен таныстыру.Жазушы, қазаққа «Абай жолын» сыйлаған Мұхтар Әуезов өзі ғана емес, ұл-қызын да ұлтқа қызмет етуге тәрбиеледі. Қаламгердің ұлы Мұрат Әуезов мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде танылды.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid036d2WrSQRTbZQJx6nPDKvgKSTibKM7FJxBNkXurGwbpEcouNRsK7FWGyvCJL9QTBwl .

Желтоқсан айы: "Тоғыз айға - 9 іс-шара" тұжырымдамасы аясында 13 желтоқсан күні сағат 12:00-де  оқушылар"Болашаққа хат" тақырыбында шығарма жазу бойынша Республикалық челленджге қатысты.Мақсаты: Білім алушыларға өзінің жеткен жетістіктері, алға қойға жоспарлары мен болашағы туралы шығарма жазу

Міндеттері: Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.Өз ойларын қағаз бетіне жүйелі жазып жеткізу дағдыларын жетілдіру

Білім алушылардың өзін-өзі дамыту және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру.Челленджге 5-9сынып оқушылары қатысты.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02auFhEJ2cEX38Hd4z1LSPfRMmCx7KcW1xo6HsWmFmWgpPq5ZXWyijb7eZMcbyA5uwl

16 желтоқсанға жасалынған жоспар бойынша 7-8 сынып оқушылар арасында «Қазақстан ұлы дала елі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Патриоттық, ұлтшылдық рухын ояту, түсінік беру. Қазақстан туралы, оның тәуелсіздігі туралы, егемендігі дамуы туралы мәлімет беру,

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02mFajwbSqKdX1GECBAwMGpuRwbmbbxUTVRj6tspbSkFguJhFbxMWP3ed4ERG5mpxbl

9 сынып оқушылырына «Қазақстан жасампаздық жылдары!» тақырыбы бойынша сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: Қазақстан туралы, оның тәуелсіздігі туралы, егемендігі дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіз Қазақстанның тарихын әңгімелеу, тәуелсіздікке қалай жеткендігі туралы баяндау, осы тәуелсіз елдің ұланы екендігіне мақтан етуге баулу, өз елінің ұлтжанды патриоты болуға тәрбиелеу, өз елінің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, өз ана тілін сүйюге, әдемі, мәдени тілде сөйлеуді үйрету.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02KnxD3Kg6qLxxaMo1kgPPcuQuAXyNX3WvAzTPmqG3h5mH9foWwNn4vn8ZUP6WNTdjl

Қаңтар айы 2024 жыл

19.01.24 жылы Ступинка негізгі мектебінде Болашақ дебаттық клубының жоспарына сай мектепішілік дебаттық сайыс ұйымдастырылып өткізілді. «Онлайн оқыту дәстүрлі сыныптағы оқыту сияқты тиімді ме?»

тақырыбында өткізілген сайысқа 7-9 сыныптар және дебаттық клуб мүшелері қатысты. Сайыс тартысты қызық өтті.

Мақсаты: Өскелең ұрпағымыздың тіл байлығын дамыту ақпараттық ой-өрісін кеңейту. Оқушылардың жан жақты білімін және қызығушылығын дамыту; Оқушылардың тәрбиесін қалыптастыру;

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0c9zKeVafxiCo3KT5NUkNqYGrofBzer1nJTfgXeqGLzso3erKC4XuuznyPeqEG362l

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша ата -аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру аясында «Даналық мектебі» жобасы барысында ауылымыздың әжелерінен құралған «Әжелер мектебі» жоспары бойынша кезекті «Жаңа көкжиектерге қадам» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып өткізілді. Асыл әжелеріміздің тәрбиелік мәні бар әңгімелерімен қатар, түрлі тапсырмалар орындап, келешек ұрпақтарымызға ақыл кеңестерімен тәрбиелеріне бірге атсалысатынын айтып отырды.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0QatkK6jb8R5XPeBwY8dfJcytdLQpDKT9LhtGbAJPaQSvZGdnwo54P2fVqUr7npXPl

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Тоғыз ай тоғыз іс шара» жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған республикалық «Қазақ есебі» челенджі өткізілді. «Қазақ есебі» математикалық челенджге мектебіміздің 1-9 сынып оқушылары қатысты. «Қазақ есебі» челленджі ф-м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналады.

Мақсаты: білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету

Міндеттері: Білім алушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту;

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0MMAJhwz76mTSzHnwykV2LTtVG1qXjU9cKaZ8TZJk8PYaiz9BfAKudoqD1S2mcbK9l

 

Ақпан айы: 5-9 сынып оқушыларына алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру.

Үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02QHXaQtUMvmSX5QKzgEZE7SPcWvFcWz3Rpcu5iPP858KJQENUmJXEnF4QyFcb9sehl

Наурыз айы:

«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» жобасы аясында «Ұлттық өнер» көрмесі ұйымдастырылды. «Ұлттық өнер» көрмесі білім алушыларды Ұлы Жібек жолындағы бай керуеннен қазіргі Қазақстан өнерінің жауһарларына дейінгі ұрпақтардың ұлы мәдениетін түсінуге баулуды көздейді.

«Ұлттық өнер» көрмесі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның құндылық әлеуетін іске асыру.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid034a6ayjVrTwy2jAB1EArqvVzTfDYCCzDBWjXHuuPqkY43AfN6Meh11RCxQ4J8tFetl

8 Наурыз халықаралық аналар күніне орай  мерекелік концерт өткізілді. https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02J9ioEbYdJDwt7XM6PzZfLgf7aEBHBfXfUMyHcGGMhD4o895Dv3z7Nu3TF2S9H9PDl

22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай бірқатар мерекелік іс  шаралар өткізілді.

14 наурыз күні «Көрісу күні» тақырыбы аясында ұстаздар қауымы мен дөңгелек үстел және оқушыларға көрісу күнінің құндылығын, тарихын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Мақсаты:Оқушыларды қазағымыздың салт дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелегімен таныстыру және үлкенге құрмет , кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу. Сахнада бір отбасының құрып ,стол жасап отырғызылады.бүл отбасы үлкен шаңырақ, екінші отбасы келіп салем беріп көріседі.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02t7sX2ixu5uHKqX3mRYXs7BxLZFaDEDxeFNujJ1wuCHRo2P6LHgkzMjR7JmCx7fmgl

 

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0bo8YQFhvKcPym5TThR7o8iuocCGEApiGauqzGHo6Ydk9RXh7KBoKBpyJrHYsUckvl

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02N5ruuyBpfMr24ujVu8jxbTvHAK8tSzG2vRXCNeGCTTxCfhx3euoiMJFRDgFpADAql

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02Q9Sr5td3ED7BgsatBeD9fRS8DDtLA8FsgCDAjSLwQxDRjg7fi9JuCTqsWb8nzmntl

16- Наурыз “Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр” күні.

Биылғы жылы Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес 16- Наурыз “Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр” күні белгіленді.Бұл күні салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілерін көрсететін күн. Осы орайда, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында "Ступинка негізгі мектебінде" оқушылар мен ұстаздар өз қолдарымен жасалынған дәстүрлі қол бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0xkK1S716T7J65MvWvEhYK6f8JTgeY1HFpvbrSVgm3Nu4jnE4BMRcb6ha2WnJjFwRl

Наурыз мейрамының онкүндігі аясында 17 наурыз күні "Ступинка негізгі мектебі" КММ де "Даналық мектебі" аясында «Әжелер» клубының отырысы өтті.

Мақсаты: Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасын сақтау және жаңғырту.

Әжелеріміздің белсенді өмірлік ұстанымы бар, олар мектеп өміріне белсене араласып, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттап келеді.

Сегодня, 17 марта, казахстанцы отмечают – «Шаңырақ күні».

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid022CbuVoBm5c6btL6DgjqeWxQf5uXxaQFp1P8oiDJyv5p1RNF34rXP5GRqxAzUrJEnl

18 наурыз – Ұлттық киім күні. Ұлттық киімдерге арналған бұл күн әрқайсымыз ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыпты еске алатын ерекше кезеңге айналады.

https://www.facebook.com/100022882005869/videos/929957552145536/

Ұлттық киім кию челенджі

https://www.facebook.com/100022882005869/videos/1366176184781966/

«Күй күмбірі челенджі»

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0GcVpxEpvFZjkScYsq5RDZRAJx4D2g8J9boskSmi8HjsPeDxbJjNMnikRm4ioCVZQl

 

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02TRoMkNmKDQ1mfu8LUuz82tQiBsB1EdLQiDJe8hgzgeSp7kLVFf7xb6CC8DAUd942l

Сәуір айы:

5-9 сынып оқушыларына «Достық көмекпен мықты» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру; берілген сұраққа толық жауап беруге үйрету; оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өз досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.

 

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02yhniRqWSdSUKzkULF4qNB4a8iffEAxzeAeWVchZ1vniogePSqoLAvowBENY98QEdl

5-9 сынып оқушыларына "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ " тақырыбында әңгімелесу сабағы өткізілді.

Мақсаты: Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid027D6sC8RNP9sS1w9M7rWkxMV1p8S5T3gbkwLEQUbGo7BHfAumrbPufAGKLuEvTcdul

Мамыр айы:

“Өшпес рухтың тұлғалары” атты біріңғай сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты:оқушыларды Отанды сүюге,ерлік көрсеткен батырларға бас иіп,ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02SbkHsy3NtgRHTjQGb9Q4XqB32wtBAUDJvZtWanZEhVXnwe2KrAc7DiKkmRgWp2FTl

5-9 сынып оқушыларымен “Білімім – Отаныма!» тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты 09:00-де ҚР Әнұранымен басталды. 2023-2024 оқу жылының қорытынды тәрбие сағатының мақсаты: оқушылар ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. Оқушылар интерактивті тақтадан ҚР Оқу-ағарту министрінің еліміздің барлық білім алушыларына арнаған құттықтауын тыңдап, республика бойынша оқушылардың жетістіктері туралы бейнеролик тамашалады.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02Ys68UF3ZaUVuP5vWzzTzarYPBnyTY7T62NgSy2ZWK79CZXUb3SuJEvCci8bhVTXZl

«Ар-ұят» құндылығына сай өткізілген іс шаралар:

Қыркүйек айы: 2023 ж. 6 қыркүйек күні мектепішілік "Адал ұрпақ" клубының мүшелері және сынып жетекшілердің қатысуымен "Адалдық сағаты" өткізілді. Іс- шара барысында жемқорлықпен күресу және алдын алу жолдары ұсынылды. Тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді.Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға үйрету.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02GFCYy2UW7M5dJMkDSXdUQa9c1vENvbHfLppqN71A9VEAGraeT6wLuZYB1Nab1SJMl

Отбасы күні аясында  11 қыркүйегінде 1 -4 "а,б" сыныптарында Отбасы күніне орай "Менің отбасым " тақырыбында сурет салу байқауы өтті.Мақсаты: Қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын, ата—анасын, туыстары мен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту, отбасындағы қарым—қатынастың беріктілігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02bnh6XkWTVqYKpnVeJAV48hVPgXd9PX3kqv1ssQ55DzhzKhTEewjte8c2vqp1uPb9l

12 қырқүйек күні 7-8 “А” және 7-8 “Б” сынып оқушыларында “Эстафета поколений” атты сынып сағаты өткізілді.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0KmXu6g86MpRWwLLWjWsTMhsnncfis1hKrMQwaXFhUYUvEnxUC9JWSibYPcGUMThsl

Терроризмге  қарсы іс- шаралар  уақытында жоспарға сай өткізіліп отырды. Терроризм қарсы қорғауды құйымдастыру шеңберінде оқу- жаттығулар ұйымдастырылды. Мектепте дабыл қағылып, оқушылар,мұғалімдер, мектеп қызметкерлері түгелдей сыртқа шығарылып, тосын жағдай орын алғанда қандай іс- әрекет жасау керектігі жайында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02zFTdScP5rc6p5FPr7nDS2oXqCaCMvgCqWnC6YGeqLJ8z4BQDBva8kiqUKbf2Hcefl

Сонымен қатар мектебімізде терроризмге қарсы қорғауды құйымдастыру шеңберінде оқу- жаттығулар ұйымдастырылды. Түрлі жағдай орын алғанда оқушылар қандай іс әрекет жасайтындары жайында жаттығу жұмыстары жүргізілді.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0oCwfKx7xZU6edBCnT6y8A6p5GFSweM9G6zcofkABt29iPh7ABaeZawsydFjhQFnPl

Қазан айы:  Мектептің кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіровтің 130 жылдығына орай  оқушылармен дөңгелек үстел «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  өткізілді.https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02SvRQuPTjocWkjKum5tKenamk2zmKbRuahp9WQhNyspeCqW4dDnsMmUHSyiFdmTbel

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында   тағыда бір іс шара "Бір отбасы - бір кітап" тақырыбында мектеп кітапханшысы Рамазанова Д.З оқушыларға дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін дамытуға жалпы қоғаммен отбасының назарын аудару болып табылады.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02hFQEfVEsmQ4Wx3ePnUh61TjqVXs16buwxmdvEPfbsV7eLtgvEKmxZnWX9MFPxxZcl

Оқушылар арасында криминалдық психологияның таралуына жол бермеу, жоғары сынып оқушыларының тарапынан оқушыларды қорлау, мектептерде бопсалауға жол бермеу мақсатында, сондай-ақ балалар қылмысының алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 26 қазан мен 2 қараша аралығында Шал ақын ауданының аумағында "мектеп"Республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0XTwtWtBBERjNDzX9uNfG4T9f59e8mNexg6rgvhG9SLbfBccxnfkFNbYvKUpDMmy9l

Жыл сайын Ступинка негізгі мектебінің ұжымы мен оқушылары қарттар күнін атап отыруды дәстүрге айналдырған. Осы орайда 29 қыркүйек күні мектебімізде ТОО «Алтын Астық КZ ЖШҚ ның демеушілігімен Қарсы алайық карттарымды акция аясындам«Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Асыл қазыналарымыз қарттарымызды Семиполка ауылокругінің әкімі Ескулов Р.М.арнайы келіп құттықтап,ізгі ниетін білдірді. Оқушыларымыз мерекелік іс-шараға белсене қатысып, ән, би билеп өз өнерлерін ортаға салып, ауылдағы ата-әжелеріміздің көңілдерін көтерді.Үлкенді сыйлау ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Қарттарымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл - кеңестері, тәлім - тағылымдары біз үшін өнеге. Мерекелік іс-шара шеңберінде ауылымыздың қарттары оларға қалтқысыз қызмет жасаған мектеп ұжымына өздерінің алғыстарын білдірді.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid028MwLbh3Es58R1rezhKJjTJT7s6dDjd4KDqnx5cnLgq1onH6a3LxEzAq6KdeUnzGyl

Қараша айы. 7 қараша күні мектепішілік "Адал ұрпақ" клубының мүшелерінің келесі отырысы өткізілді. «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында өткізілген іс- шара барысында жемқорлықпен күресу және алдын алу жолдары ұсынылды. . Ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02gzf9RMzQH2NVbd5dos83ZvAyxk3KnEnK5By6YSPLTKqSYP6mMJv21viNW7qh5tQUl

Сергеевка 6-өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен 1-9 сынып оқушыларына "Өрт қауіпсіздігі" "Қауіпсіздік техникасы" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты:

Оқушыларға өрт туралы түсінік беру.Өрт тілсіз жау,

өрттен сақтану жолдарын үйрету. Оқушылардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген жағдайда өздерін қорғай білуге машықтандыру.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0BkQbjWhxS2iwczSbXM9PaYYeaa9BphaNgvUEpdi6PAkhv2UsmN7Ysdm8YtKiPCVwl

9 сынып оқушыларымен "Зорлық зобылық сыз, балалық шақ" тақырыбында дөңгелек стол отырысы өткізілді. Мақсаты:

Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.

Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02Rk4DGWzpeMxbKR1HGnYZDeZiTF2FqWaeUBqXLUZV8TqiYvnDCCae6o57H4xsWKMHl

Сонымен қатар бірқатар сынып сағаттары жоспарға сай өткізілді.

Желтоқсан айы: "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" науқаны аясында мектебімізде "зорлық-зомбылыққа жол жоқ" тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Мақсаты:Зорлық-зомбылық туралы мәлімет беру, оның түрлеріне тоқталу, мектепте білім алушылардың бір біріне әлімжеттік көрсетуіне жол бермеу. Пікір алмасу барысында ең алдымен күш көрсету бұл зорлық-зомбылықтың белгілері, зорлық-зомбылықтан кейінгі баланың мінез-құлығында байқалатын өзгерістерге тоқталып өтті.

 

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02vEWnV5thodesb8Mbo5ZN2heRLrakUSp9cARoEzwkjYAB237EmNz7pMYox3aWC4GEl

 

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0bpzB3EFtRc4dwFnmYUSp3BqrdzTfJuzfKYqp8oKE2op8GXzjAfKjCsExSBXmHsPjl

Қаңтар айы 2024 жыл

«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы»- тақырыбында 30-қаңтар күні 5-8 сыныптар арасында сыныптан тыс іс шара өткізілді.

Мақсаты:1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.

  1. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02o6VtGmh6MUm9i66KD6TzKSCneZF1MsJ6MyErb51rfcbrcVFKKQFPBMtQ1ZerEbLgl

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша ата -аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру аясында «Даналық мектебі» жобасы барысында ауылымыздың әжелерінен құралған «Әжелер мектебі» жоспары бойынша кезекті «Жаңа көкжиектерге қадам» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып өткізілді. Асыл әжелеріміздің тәрбиелік мәні бар әңгімелерімен қатар, түрлі тапсырмалар орындап, келешек ұрпақтарымызға ақыл кеңестерімен тәрбиелеріне бірге атсалысатынын айтып отырды.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0QatkK6jb8R5XPeBwY8dfJcytdLQpDKT9LhtGbAJPaQSvZGdnwo54P2fVqUr7npXPl

Ақпан айы: Мектептегі тәртіп және өздерінің ортасында әдептілік таныту. Әңгіме жүргізу

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02gSYtsn6fLbDxBrfTcTsYaXMhbbTjknUnwrGNnSAaMxU1Ea15o1Eeuptv96G3nRatl

Наурыз айы:

Даналық мектебі жобасы аясында мектебіміздің аналарынан құралған" Аналар кеңесі"ұйымының мүшелері "Ұлттық қолөнер ұрпаққа аманат" тақырыбында кезекті жиындарын ерекше ұлттық нақышта өткізді. Аналарымыз қазақ өнерінің асыл бөлігі оюлар туралы өз білгендерін ортаға салып, қазақ қолөнерінің қыр сырларымен таныстырып өз өнерлерін жасап көрсетті. Жас ұрпаққа аманат етер рухани асыл қазақ қолөнері , ата- аналарымыздың үгіт насихаты арқылы құнды жәдігерлік дүние болып қала бермек.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02iR7TSNpFCQDpffZT6fR2fQ2U3CzG9Rrr9j566h3mT4sjtmpJPExUkrHqFu5TFeUfl

Алғыс айту күнін мерекелеуге арналған іс-шара жоспарына сәйкес Ступинка НМ нің оқушыларының құттықтаулары

https://www.facebook.com/100022882005869/videos/788795359810935/

 

https://www.facebook.com/100022882005869/videos/8183031481723857/

Сәуір айы:

9 сынып оқушыларына «Бірлік пен келісім» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0G4AueFRdTJdSqXF8mqyker8DLh9SLnA5nr2DU5X42hi5LnqvAbRQJiCeREYxCpgil

7-9 сынып оқушыларына " Буллинг және оның күресу жолдары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Мақсаты:Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу, оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0emaCR2nxNhizzesHavwbKDFG29TA7ZqVV1LgXxTpXPBefhaLdsjNadnQZU5C8uexl

«Таза Қазақстан» акциясы бойынша бірқатар іс шаралар және сенбіліктер ө өткізілді

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0HVwFgvwsMXvx99VCHPod4ysfkMV6i8KhU9yz61vYNmy2JgBwxiTwVBnVDQ94zi14l

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0wWfnK9twSNCVmqgzJLBhihRmEH4fwbUGUqHmtWj97CK6Yzu5G8gaB8Fv9jMtBPUnl

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0dfMim6eaLHFMUKoFE6zzG87wWcjJHmW4RPaSQufazvndiMTcn2eBHGwR1PddjMxjl

Мамыр айы: «Ұмытылмас ерлік - өшпес ДАНҚ»

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02Ekhvez1CX3sUybSKRXarYBDCCbJPczS2tKgDB6R8RkESYoLfXh3XxoWvLmQ1xfuol

7-9мамыр мерекелеріне орай бір қатар  іс – шаралар өткізілді.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0CguPBsxbXhaxP62tctP3ZMgehDXj88B1xeLCNhVqSNdAsYSWcNdJ942hzy6aHus1l

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0JsfBheGFDrCuxRfimnrJmHTRingmwfQQ2YTZFa2vpVmM6ReoYqBfTUkaZ5UmD4Ynl

 «Талап» құндылығына сай өткізілген іс шаралар:

Қыркүйек айы:Оқу жылының алғашқы айы болғандықтан мектебімізде сынып жетекшілермен бірге сынып бұрыштары жасалынды және мектепішілік кезекшілер бекітіліп, кестелер құрылды. Осы ағымдағы жылға үйірмелер мен секцялардың кестелері жасалынып  мектеп директорының мөрімен бекітілді.Талап құндылығы бойынша да жұмыстар жоспарға сай өткізілді.

«Дене сергіту» республикалық челленджі өткізілді. Челлендж мақсаты – балаларға салауатты өмір салтын насихаттау - физикалық және психологиялық стресстің төмендеуіне ықпал ету; - жаттығу жұмыстары кезінде шаршаудың алдын алуға, дене белсенділігін арттыруға ықпал ету;

Балалар көңілді музыканың сүйемелдеуімен жаттығуларды орындады.

https://www.facebook.com/100022882005869/videos/573905088111981/

7-8 “Б” сынып оқушыларымен “Менің тілім-менің досым” атты сынып сағатты өтті. Мақсатты: оқушыларды тілді қадірлеуге үйрету.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02DxcsgDsCuasqsbVk1sng2VtM7fsQVyvK7Zbgb1Fwu2dhXhfA2ub7FmaTqZLay6YRl

1"а" сыныбында "Жолда жүру ережелері" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты:Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру.

 

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02caETAGEUdHXsDomVtdKgS8JeNoe3GrSiHjXVZktx6Hga4rWctzYcXoHgLVW64b5zl

22 қыркүйекте Ступинка негізгі мектебінің мектепішілік "Футбол лигасы" өтті. Жарысқа мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Мақсаты салауатты өмір салтын, оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру болып табылады.

Шынақсаң шымыр боласың.  Дені саудың - жаны сау!

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid022Usg6m15Ztn3uJ7K8Kn8M7XKJVkXEoyx9LJtQ52pFva1XRQh2wyqvPrArfn7ca3Gl

Қазан айы: Қазан айының бірінші аптасы мұғалімдер мерекесіне орай мектебімізде бір қатар мерекелік іс шаралар ұйымдастырылып, желі беттеріне ұлағатты ұстаздарымызды құттықтап жазған ізгі тілектеріміз жолданды.

https://www.facebook.com/100022882005869/videos/876517300041589/

https://www.facebook.com/reel/336493395573026

«Қоғамға қызмет» еріктілер акциясы бойынша жеке жоспармен мектебімізде бір қатар жұмыстар жүргізілді. Мед.қызметкердің тексеруімен мектептегі оқушылардың тазалығы тексеріліп,анықтамалар жазылды.

Ступинка негізгі мектебінің оқушылары күзгі демалыстарын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатына жасалынған мектепішілік жоспарға сай 1-4 сынып оқушылары "Қауіпсіздік ережелерін сақтайық" атты балалар мутьфильмін көріп алған әсерлерімен қатар осы мултьфилімнің басты мақсаты не екенін түсінгендері жайлы өз ойларымен бөлісті. 5-9 сынып оқушылары "Қауіпсіздікті сақтау басты ереже" тақырыбында суреттер салып жол ережелерінің белгілерін қаншалықты білетіндіктерін көрсетті.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid032WBdDyADGzz37Yjx9NxpJ8Cs2785k1XTH5SX78vw1UPYRxcZgJmzLivTWhVjpvZql

"Ертегілер оқиық" тақырыбында онлайн түрде ертегілер оқылды.

Мақсаты: Оқушылардың күзгі демалыс уақытында білімдерін әрі қарай шыңдау, көбейту және қызықты өткізу.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0PHyVi4zCGNnnsQaKbHeqtuk6Yq3mKXCBKhjLCrMc7akbvKYVfvcsCoPN5oV8X3Mvl

 Қараша айы.9 «А» сынып оқушылырына «Экологиялық сағат» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: экологияға деген рухани - саналы қарым - қатынасты құрастыру, адамның табиғаттың бір бөлшегі екендігін дәлелдеу, оқушылардың экологиялық мәдениетін, адамгершілік ізгілігі мен жауапкершілігін, табиғат қорғаудың ғылыми - теориялық негізін экологиялық тұрғыда түсіндіріп, оқушының өз өлкесіндегі, жалпы дүниедегі табиғатқа деген парасатын, жауапкершілігін тәрбиелеп, арттыру

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0kHZLbcXWfBJM71FLqDPP2xQ3Zenz9gdGVZ9Cb7k3bCWbRyW3mRqKb7Vki5f73uNvl

Әділет дебаттық клубының жоспарына сай мектепішілік дебаттық сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Ауыл мен Қала тақырыбында өткізілген сайысқа 5-9 сыныптар өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері қатысты. Сайыс тартысты қызық өтті. "Қазіргі білім жүйесінде бағалау нақты, берілген тапсырманы шартына сәйкес орындаймыз және әр бөлімді қалай меңгергенің айқын көрінеді" деп өз ойларын ашық айтты. Ал даттаушы топ "Бұл жүйеде ұқыпты жазу қарастырылмаған, тапсырмалар күрделі"деп жеке-жеке пікірлерін білдірді.Шара соңында даттаушы топ ұйымшылдығы мен,сұрақтарға орынды жауап беруімен көзге түсіп, жеңіске жетті.Мақсаты: Өскелең ұрпағымыздың тіл байлығын дамыту ақпараттық ой-өрісін кеңейту.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0a5RP2kMV3E2u9DEQRLHxxneTEfNBuDTdDv9sCiYZbLeBKpTUgeAYhwDFf6dKNYk2l

7-8 сыныптарға мектеп психологі Негметова Б.К. сынып жетекшісімен бірге "Буллинг дегеніміз не?" тақырыбында танымдық сынып сағатын өткізді. Мақсаты : Оқушыларға буллинг туралы ақпаратты кеңінен түсіндіру, танымдық ой ой өрісін дамыту, буллинг жайында толыққанды ақпаратпен таныс болуын жүйелеу.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0QJwxRWYVayPrDMcGJX9fZjTZ7CiTAaLKMH4yt9zhXReWE5kJpZRgZqvheXDoW2xkl

«Еркін тыныс ал!» атты жалпы республикалық челендж өтті.

Мақсаты: балалардың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауға оларды кез келген зиянды әдеттерден саналы түрде бас тартуға түрткі болуға, пайдавлы іс түрлерімен белсенді айналысу қалауы мен қажеттілігін ынталандыруға (үнемі таза ауада серуендеу,табиғат аумақтарына бару) арналған.

https://www.facebook.com/100022882005869/videos/262448149773217/

Педагог-психологтың ұйымдастыруымен « СТРЕСС ЖӘНЕ ДАҒДАРЫС»- тақырыбында тренинг өтті.Мақсаты:• Стресс туралы түсінік беру.• Стресстің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру.• Тренинг - жаттығулар арқылы стресстен арылту.

Міндеттері Позитивті ойды дамыту. Стресстен арылуға психологиялық кеңес беру.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0np1WNdGPSgc3piKV1txHrFNaTogFKrBxQm8TWdBushcYQWkS4Qvh6bjpZwtsy9U8l

Желтоқсан айы: "Болашаққа хат" тақырыбында шығарма жазу бойынша Республикалық челленджге қатысты.Мақсаты: Білім алушыларға өзінің жеткен жетістіктері, алға қойға жоспарлары мен болашағы туралы шығарма жазу

Міндеттері: Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.Өз ойларын қағаз бетіне жүйелі жазып жеткізу дағдыларын жетілдіру

Білім алушылардың өзін-өзі дамыту және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру.Челленджге 5-9сынып оқушылары қатысты.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02auFhEJ2cEX38Hd4z1LSPfRMmCx7KcW1xo6HsWmFmWgpPq5ZXWyijb7eZMcbyA5uwl

Мектебімізде жаңа жылдық мерекелік іс шара өткізіліп балаларға сыйлықтар таратылды. https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02oanSRGAiod6fc2yB8bHYQGQX5jcavDBPs22HDgHGrBXMZvBgJ5StpUZu1LyVqdAJl

Жалпы мектепішілік ата  аналар жиналысы өткізіліп бірінші жарты жылдықтың қорытындысы жасалынып, қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

Қаңтар айы 2024 жыл

 «Мен оқыған бір ертегі» тақырыбында сыныптан тыс іс шараны мектебіміздің кітапхана қызметкері Рамазанова Д З

өткізді

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid09GgqQ37eYA31UMhHgVKYWD5gVXXWmFQt4hPpgPqhMigL9DN4iKjQjqhQbsicVDMAl

«Ступинка негізгі мектебінде» «Өзін - өзі басқару» ұйымының қаңтар айының кезекті отырысы болып өтті. Отырысқа 5-9 сыныптардың белсенділері қатысты.Мектептің аға тілімгері Исиркепова А.А отырыстың күн тәртібімен таныстырып, мәселелерді оқушылармен бірге талқылады.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0rqAyE5z7fsUXYLW4V3Qsszzc9MDkpaP9EksZzgQwv4V7LaJF5SKiAEiBQWaACqKHl

5-9 сыныптар арасында сынып жетекшілер Исиркепова А.А мен Сельница В.А ұйымдастыруымен "Еркін тақырыпта- еркін әңгіме" атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: мектеп оқушыларының өз ойларын еркін жеткізуіне, өздерін көпшілік ортасында еркін ұстауына үйрету және жол көрсету. Салауатты өмір салтын ұстануда дұрыс тамақтану жолы деген пікірге өз ойларын ашық жеткізу.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02HUjU91Tz2iLU1t6RrXV9hk2geUkyarCQ7Dqw2Cfmunqn1jRmyBd5e9Dsrgujd7z8l

 

Досболайық акциясы барысында жеке жоспар құрылып, сол жоспар бойынша бір қатар іс шаралар өткізілді.

https://www.facebook.com/100022882005869/videos/345129095026760/

 

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02GPHJjFxvebweiu5kq2XhB1ZTn84iJpnKgX4LFHEBaFPJ2FFS9y8wzC1MAvaYskefl

 

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0zfhrTbC7YmxokqgyVNGdjbKyofMouCxLMGB6msHR4Cb54oFebDNUCNcbCL1ihmb5l

 

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0Umffis9gjY3x2xU6K6dq2hrq662dUiZGmhmrGPrgRUuhujdSkbqXRGwx6kCcG5thl

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0UYZZnYajL6FLMSvEEm5FAcjfp2223LzF6AMnWZMzhfAtpbn5veGpZvPtoiNqe24jl

Ақпан айы: Болашақ дебаттық клубының жоспарына сай мектепішілік пікірсайыс ұйымдастырылды. "Оқушылар мектеп формасын кию керек пе" тақырыбында өткізілген пікірсайысқа 5-9 сынып және дебат клубы мүшелері қатысты.

Мақсаты: Оқушылардың жан жақты білімін, ой өрісін дамыту

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0maNHFgAES3C3puZvVZC79qUKZs6Ym2hR9jgTfpXZH5MRr9tuBWtYKku6GC77jcSUl

28 ақпан күні сағ 12:00 Ступинка негізгі мектебінде «Тоғыз айға- 9 іс-шара» негізінде “Оқуға құштар мектеп”жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық кітап оқу челленджіне қатысты. Қазіргі уақытта білім беру және мәдени саясаттың жалпыұлттық міндеті –білім алушыларды көркем әдебиетті оқуға тарту, оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың құндылық ретіндегі беделін арттыру. Көркем әдебиетті оқу – еркін сөйлейтін, ойын дұрыс жеткізетін, сауатты жазуға қабілетті ақыл-ойы дамыған, рухани-адамгершілік тұрғыдан жетілген тұлғаны әлеуметтендірудің және дамытудың маңызды құралы. Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02aAzPX6avo1T1giwcFFySSNdZ7usoKd2eyiF9izREYnMQuMYdwVuPue93yZByXUMEl

Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0TjGs2nnKLy7wAjjEnxCQjwVxP143QBrZZWo78Q5ANMDfBozWg6kmjcgqqoi39ZTyl

Ступинка негізгі мектебінде вейп, электронды темекінің алдын алу мақсатында оқушылармен "Вейп, электронды темекінің адамға зияны" жайлы отырыс ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға вейп, электронды темекінің адам ағзасына зиян екенін түсіндіру.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02RXpqGHkGM43wJCHVRc5XKgJB4uxwTUeALKViuGSVDDRCp8h9YXgWq3tUFLwxFEMml.

 

Наурыз айы: https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0Umn174uTfGqYPRogZfz8HkdncWs8fcKQ2DapmLGMN39FUYfRLBpJQpNqbLVNtiPNl

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid027rn8ppAWq393nG7Xkyv2ucGpDkLkkusESDwwd6uM4423gemj5k6XWqcTitBnTzGKl

Сәуір айы:

9 ай - 9 іс шара жобасы 12.00-де республикалық шахмат челлендж-ойыны өткізілді. Шахмат челлендж ойыны республикада жыл сайын өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады.Шахмат челлендж ойыны - жалпы, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы балалар мен жастардың, педагогтардың шығармашылық жетістіктерін көрсету. Челлендждің мақсаты - шахмат сабақтары арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid04gYRW8pt6wkLzEDq8Bh3DyfqS8gZz5wtaPgqKDrV2Eya1jsaL5qKMhYyi3Cqaisql

" 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні" күніне арналған сынып сағаты өткізілді: балалардың көктем және еңбек мерекесі туралы білімдерін кеңейту, жүйелеу;

Балалар арасында достық қарым-қатынас қалыптастыру;

балаларды бір-біріне көмектесуге, балалар арасындағы қарым-қатынасты құрметтеуге және бағалауға үйрету.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid09ncRioYzkZaZoJ5NwdsFeTQh4J15VbhGQJNhkZW4gNnuxFv8puLnRHtGtxqYVN3kl

" 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні" күніне арналған ыдөңгелек үстел өткізілді: Мақсаты: балалардың көктем және еңбек мерекесі туралы білімдерін кеңейту, жүйелеу;

Балалар арасында достық қарым-қатынас қалыптастыру;

балаларды бір-біріне көмектесуге, балалар арасындағы қарым-қатынасты құрметтеуге және бағалауға үйрету.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0cAKMELV6asr9AivY6f1NFd93zdMMLkpfxeGwGWsQr8kJYQaCvr6XnHmt7TyAdBknl

 

1 -мамыр халықтар достығы күні мерекесі қарсаңында “Бейбітшілік-ел тілегі”атты 5-7 сынып оқушылары арасында суреттер сайысы ұйымдастырылды.

Мақсаты:оқушыларды ынтамақтыққа,достыққа,өз Отанын сүюге,елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін оқушылардың бойына сіңіру.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02kap73eWqkTSGZvRYwtgq43kmVjhE7rrAUMkWBcetZbgAimxYpmoF3wcJKviad43Pl

Мамыр айы:

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Түлектердің ағаш егу» челленджі өткізілді. Мектеп бітіруші түлектер 9 сынып оқушылыры және мектебіміздің ардагер ұстазы Ергалиев Нағашыбай Дүйсенұлының қатысуымен «Ступинка» ауылының «Ұлы отан соғысының ардагерлерінің» құрметіне қойылған ескерткіштің алдына ағаш отырғызу жұмысы жүргізілді.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0QpKsqGCyADiG7V4oRUBV7bjjxKzG4D8NvAoNtW93qzms424j9bQRNQmmu6GwLJjRl

14 мамырда мектепте «Менің сүйікті олимпиадалық спорт түрім» тақырыбында шығармашылық байқау күні өтті.

Оқушылар 8 сынып оқушылары арасында эссе байқауы ұйымдастырылды.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0JVP33XwKg75NohJjh8go71ZFhwDaqB9ckWahXxfRteeyskP3oy7xYdq1dZpWiJ7Dl

Олимпиада ойындарының апталығы басталды.

Дене шынықтыру мұғалімі А.Т. Махметов апталықты спорттық жаттығулармен ашып, оқушыларға 2024 жылдың тамыз айында Парижде өтетін Олимпиада ойындарымен таныстырып өтті.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid0zm4FekpAsqFQaktuQFh9WVP4irvhgFX2EusAxB5Y3rYAeN2tnc6UET7L9AMuBe6pl

«Олимпиада ойындарына дейін 100 күн» акциясы аясында «Асық ату», «Бес тас» ойыны ұйымдастырылды.

Мақсаты: Балалардың ұлттық ойынға деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға тəрбиелеу. «Асық ату», «Бес тас» ойыны ұлтымыздың баға жетпес байлығы екенін лайықты түсіндіру және дəріптеу.

https://www.facebook.com/osnavnaa.skola.5/posts/pfbid02DkPUEkyYmXTeZHu4w4pM67iDJp7s7S962CvA8nHA49iJfd31jhomhCiMi1NjWWq9l

 

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында  жасалынған Ступинка негізгі мектебінің тәрбие бөлімі бойынша  жоспары мектеп оқушыларының  арасында сонымен қатар ата аналармен бірге жүзеге асырылып, желі беттеріне жарияланып отырды. Мектебімізде  әлеуметтік педагог,педагог психолог, кәсіби бағдарлаушы, кітапхана  қызметкерлерінің бағыты бойынша мектепішілік және аудандық ,республикалық жоспарлармен жасалынған  түрлі бағыттағы іс шаралар, (онкүндік,  айлық ) акциялар өткізіліп оқушыларымызға тәрбиелік  бағыт беріп болашағы туралы оң пікір қалыптастыруына әсер етеді.

«Қамқоршылық кеңес»мүшелері өз жоспарларына сай жұмыс жүргізуде.  Әкелер кеңесі, Ата аналар комитеті, Ата аналарды педагогикалық қолдау орталығы ,«Даналық мектебі» жобасы аясында құрылған «Әжелер кеңесі» де мерзіммімен жұмыстар жүргізді. Спорттық  бөлім бойынша жоспарға сай жұмыстар жүргізіліп анықтамалар жазылды.

Мектеп оқушылары түрлі жарыстарға  қатысып  жеңіске жетіп марапаттар алды.

Дата публикации: 09.06.2024