Уақыттан да күшті естелік

Ступинка негізгі мектебінде 5 мамыр 2025 жылы 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Республикалық қоғамдық бірлестігінің
«Ардагерлер одағы» филиалы,( Тәджік - Ауған шекарасындағы әскери қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушы) ардагерлеріміз:
Жаменов Аскар Махметович, Алимжанов Данияр Науканович,
Сапарұлы Серік, Сулейменов Кайдар Туякбаевичпен
Шал ақын ауданынан
Спичак Игорь Николаевич, Бейсенов Еркебулан Саруарович,Макишев Галихан Мергенович қатысуымен бір қатар іс- шаралар өткізілді. Қонақтарымыз оқушыларымызға «Ерлік» сабағын өткізді. Сабақ барысында ардагер жауынгерлер өздерінің майдан алаңында қолданатын жауынгерлік қару- жарақтары және құрал саймандарымен таныстырып, бейне фильм көрсетіп, оқушыларымыздың сауалдарына жауап беріп, түсініктемелер жүргізіп отырды. Батырдық сабағынан кейін «Уақыттан да күшті естелік» атты концерттік бағдарламамызды тамашалады.Бағдарлама соңында мектебіміздің ардагер және белсенді ұстаздарын Мағжанның 150 жылдығы төсбелгісімен марапаттап, мектебіміздің өзін өзі басқару ұйымының белсенді оқушыларына «Алғыс хат» табыстады.     

Дата публикации: 06.05.2025