Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары
2026 жылғы 25 мамыр күні КММ «Ступинка негізгі мектебінде» 5–6 сынып оқушыларымен «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру, Конституцияға құрметпен қарауға және құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағыт беру. Тәрбие сағаты барысында оқушылар түрлі пікір алмасып, құқық пен міндет туралы түсініктерін толықтырды.
Өткізілген іс-шара оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және құқықтық мәдениетін дамытуға өз ықпалын тигізді.
Дата публикации: 25.05.2026