«Заң және Тәртіп» Конституция құндылықтары тақырыбында сынып сағаты
20 мамыр күні Ступинка негізгі мектебі 7 «А» сыныбында «Заң және Тәртіп» Конституция құндылықтары тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға құқықтық тәртіп, заң, әділдік, жауапкершілік ұғымдарын түсіндіру, Конституцияны құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар адалдықтың, қоғамдағы өзара сыйластық пен тәртіптің маңыздылығы талқыланып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
 

Дата публикации: 20.05.2026