Салауатты өмір салты
Ступинка негізгі мектебінде 07.04.2026 күні оқушылармен "Салауатты өмір салты" күніне орай бірге таңғы жаттығу өткізілді. Іс-шараға мектеп оқушылары белсенді қатысып, дене жаттығуларын орындады.
Аталған шараның мақсаты — оқушылардың денсаулығын нығайту, дене белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға жағымды көңіл-күй сыйлады
Дата публикации: 07.04.2026