«Жолдағы қауіпсіздік ережелері – қауіпсіздіктің кепілі»
«Балапан» шағын орталығында мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілерімен бірлесіп, жолда жүру ережелеріне арналған танымдық іс-шара өткізілді.
Балалар бағдаршамның түстерін, жол белгілерін және жолдан қауіпсіз өту ережелерін қайталап, түрлі ойындар мен жағдаяттарға белсенді қатысты.
Іс-шара «Адал азамат» құндылығы аясында өтіп, балаларға жауапкершілікпен қарау, тәртіп сақтау, ережелерді орындау және өзгенің қауіпсіздігіне қамқор болу түсіндірілді.

Мектеп кітапханасында қонақта
Өткізілген күні: 2026 жылғы 5 қараша.
Мақсаты: шағын орталық пен мектепалды даярлық сыныбы тәрбиеленушілерін мектеп кітапханасының жұмысымен таныстыру, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу және балалардың танымдық белсенділігін дамыту.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық аясында «Балапан» шағын орталығы мен мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілері мектеп кітапханасына саяхат жасады.
Танымдық экскурсия барысында балалар кітапханашымен танысып, кітапхананың қызметі, балалар әдебиетінің түрлері және кітаптарды пайдалану ережелері туралы білді. Балалар түрлі-түсті кітаптарды, журналдар мен суреттерді қызығушылықпен тамашалап, кітаптарды ұқыпты ұстау және сақтау ережелерімен танысты.
Кітапханаға саяхат балалардың танымдық қызығушылығын, білуге құштарлығын және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті. Осындай кездесулер балалардың дүниетанымын кеңейтіп, әдебиет әлеміне қызығушылығын оятып, болашақ мектеп өміріне деген ынтасын қалыптастырады.

.jpg)
13.12.2024 ж Ступинка негізгі мектебінің жанындағы «БАЛАПАН» шағын орталығында «Күн дидарлы Қазақстан»атты іс шара өткізілді.
Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштікке баулу,өз жеріне деген патриоттық сезім ояту.
Іс шара Қазақстан Республикасының ән ұранымен басталды.Тәрбиешілер балаларға Тәуелсіздік күні туралы түсініктеме берді.Іс шара барысында балалар тәрбиешілермен бірігіп « КҮН ДИДАРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» атты макет жасап көк туымызды желбіретті.
Осындай отан сүйгіш патриоттарымыз көп болсын.

2023 жылдың 14 сәуірінде «Ступино негізгі мектебі» КММ жанындағы Балапан шағын орталығында ата-аналармен «Қауіпсіз терезелер» атты әңгіме өткізілді. Мақсаты: балалардың терезеден құлауымен байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, ата-аналардың назарын балалардың терезеден құлауының мүмкін болатын қайғылы зардаптарына, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.
Ата-аналарға стенд бойынша ақпараттар, буклеттер мен жадынамалар берілді.
КММ Ступинка негiзгi мектебiнiң жанындағы «Балапан» шағын орталығы 2009 жылы ашылды. Шағын орталықтың жобасы 25 балаға арналған. Қазiргi таңда бiр әр-түрлi жас тобы ұйымдастырылған.

2018-2019 оқу жылына шағын орталықта 14 бала қабылданды.
Екi тәрбиешi жұмыс жүргiзедi. Негметова Б.К. педагогикалық бiлiммен, жоғары санатты. Кожахметова Д.К. педагогикалық бiлiм, бiрiншi санатты. Шағын орталық тәрбиешiлерi төменгi құқықтық құжаттармен жұмыс жүргiзедi.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалпығы мiндеттi бiлiм беру стандарты
- Әдiстемелiк-нұсқаулық хат
- Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарлама
- Сабақ кестесi
- МЕКТЕПТІ АТТЕСТАТТАУ 2024
- Байланыс
- Кәсіптік бағдар беру
- Мемлекеттік қызметтер
- Нормативтік құжаттар
- ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС
- PISA
- Оқуға құштар мектеп
- 2023 жылғы білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы
- Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
- Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары 2023-2024 оқу жылы
- Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары 2024-2025 оқу жылы
- ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
- Мектепке жол
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- Адал Ұрпак
- Біртұтас тәрбие
- Психологиялық қызмет
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
- Қамқоршылық кеңес
- Шағын орталығы
- сенім жәшігі
- Кеңес беру пункті