Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

 

Мектебімізде мамырдың 16.05 күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы» бойынша «Отбасы— бақыт бесігі» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру. Бұл жиналыста ата-аналармен бірге балалардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік ерекшеліктері туралы түсінік, отбасында қолайлы климат құру дағдыларын дамыту және баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті сезіндіруге арналған интерактивті әңгіме, топтық жұмыс жасалды.
 
 
 
Ата-аналар жиналысы өтті
2025 жылғы 16 мамыр күні Ступинка негізгі мектебінде оқу жылының аяқталуына байланысты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа 22 ата-ана белсенді түрде қатысып, мектеп ұжымы және сынып жетекшілерімен бірге өзекті мәселелерді талқылады.
🔹 Күн тәртібінде қаралған негізгі тақырыптар:
– 2024–2025 оқу жылын қорытындылау және жазғы демалысты ұйымдастыру
– Келесі оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар
– Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар:
• интернеттегі қауіпсіздік
• су айдындарындағы тәртіп
• өрт қауіпсіздігі
• жол қозғалысы ережелері
• терезе маңындағы қауіпсіздік
• төтенше жағдайлардың алдын алу
📍 Ата-аналар тарапынан ұсыныстар айтылып, бірқатар маңызды сұрақтарға жауап берілді.
Мектеп әкімшілігі барлық қатысушы ата-аналарға белсенділігі мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді!
Балалардың амандығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік!

Ата-анаралға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы 2024 - 2025 оқу жылы

 
Даналық мектебі жобасын іске асыру шеңберінде Әже мектебі клубын жоспарлау негізінде АПҚО жұмыс тобының құрамы 2023-2024 оқу жылы
 
2023-2024 оқу жылына арналған Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспары